• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Қыркүйек, 14:55:02
Алматы
+35°

Армения премьер-министрі Никол Пашинян халқына үндеу жасап, Қарабах бойынша құжатқа қол қою себебін түсіндірді. Оның айтуынша, Армения мен оның халқы өте қиын күндерді бастан кешуде. Сонымен қатар ол Қарабақ бойынша қол қойылған құжаттар қоғам ішінде наразылық тудырғанын мойындады, деп хабарлады Sputnik Армения сайты.

– 27 қыркүйекте соғыс басталды, оның соңы құжатқа қол қоюмен аяқталды. Бұл көпшіліктің көңілін қалдырды және барлық сұрақтың жауабын менен күтіп отыр. Құжатқа неге қол қойылды? Бұл бас штаб "әр минут өте маңызды, әрекеттерді тоқтата тұру керек" деп айтқаннан кейін қабылданған шешім, – деді премьер-министр.

Премьер-министр әскери қызметкерлердің өмірі өз мәнсабынан биік тұратынын атап өтті.

– Мансабым мен өмірімнің орнына 25 мың сарбаздың өмірін таңдадым, – деді ол.

10 қарашаға қараған түні Армения премьер-министрі Ресей және Әзірбайжан президенттерімен Таулы Қарабақтағы соғыс қимылдарын тоқтату туралы келісімге қол қойған болатын.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір