• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 06:59:23
Алматы
+12°

Алматыда «Telli Gallery» залында британ фотографы Мэнди Баркердің «Пластикке толы планета» эко-көрмесі өтіп жатыр.

Мэнди Баркер – көптеген марапатқа ие болған халықаралық фотограф.

Оның теңіз түбіндегі пластик тақырыбына түсірген суреттері соңғы 10 жылда әлемдік өнерсүйер қауым тарапынан жоғары баға алып келеді.

«Telli Gallery» залындағы көрме де жаһандық тақырып – экологияның ластануын көтереді.

Көрмеде картиналардан бөлек әлемнің картасы орнатылған. Онда балаларға қоқысты дұрыс сұрыптау туралы ойын түрінде ақпарат берілген.

Мэнди Баркер әлемнің 40 елінде: БҰҰ штаб пәтерінен бастап Моңғолияға дейін көрме ұйымдастырған.

Баркер «Prix Pictet Award SPACE 2017» сыйлығының шорт парағына енген, «Deutsche Borse Foundation Photography Prize 2020» қоры сыйлығының лауреаты.

Көрме жыл соңына дейін 10:00-20:00 аралығында ашық болады. Кіру тегін.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір