16 Қазан, 2020 NEWS
Lenta.inform.kz
Алматыда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде ҚР Мемлекеттік хатшысы, Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығын дайындау және өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссияның төрағасы Қырымбек Көшербаевтың қатысуымен бірнеше іс-шара өтті.
Шараға білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов, мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова, ҚазҰУ ректоры Ғалым Мұтанов, академиялық қоғамдастық пен БАҚ өкілдері, университет оқытушылары мен студенттері қатысты.
Кездесу аясында әлемде тұңғыш рет жарық көрген «Әл-Фараби» энциклопедиясының тұсаукесері өтті. Энциклопедияның мазмұны тарихи деректер, мәліметтер, географиялық нысандар, өмірбаяндық мәліметтер, ойшылдың өмір жолы мен ғылыми мұраларын (трактаттары мен оларға түсіндірмелер), ұғымдар мен терминдер, араб-мұсылман Ренессанс кезеңіндегі белгілі ғалымдардың еңбектерін қамтиды.
Онда заманауи зерттеушілер мен қазақстандық фарабитанушылар, сондай-ақ, ислам философиясы, дін, мәдениет, ғылым және білім мәселелерімен айналысатын барша ғалымдар туралы библиографиялық мәліметтер келтірілген.
«Бұл - қазақ тіліндегі бірегей энциклопедия. Мұнда ғылыми өзекті материалдар, биыл жоспарланған шаралар, бүгінгі шараға қатысты материалдар топтастырылған. Энциклопедия адамның білім көкжиегін кеңейтеді. Бұл еңбек одан ары да толықтырыла береді. Бірінші кезекте жастарымыздың гуманизм қағидаттарына негізделген Фараби мұрасын жете түсінгені керек. Жастарға қолжетімді болуы үшін біз бұл еңбектерді орыс және ағылшын тілдеріне аудармақпыз», - деді әл-Фараби орталығының директоры Бекжан Мейірбаев.
Дөңгелек үстел барысында Қырымбек Көшербаев қазақстандық фарабитанушыларға пандемияға қарамастан сіңірген еңбегі үшін алғысын айтты.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір