• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 00:57:21
Алматы
+12°

Фото: Жанболат Ағаділдің парақшасынан

Азаматтық белсенді, ресми деректе тергеу изоляторында "жүрек талмасынан" қайтыс болды делінген Дулат Ағаділдің ұлын біреулер өлтіріп кеткені хабарланды.

Ақпаратты Дулаттың анасы Гүлбаршын Жармұхамбетова растады.

Қамшы тілшісімен телефон арқылы сөйлескен Гүлбаршын Жармұхамбетова қаралы хабарды қазір ғана естігенін, нақты не жағдай болғанын білмейтінін жеткізді.

Оның сөзінше, өлтірілген адам немересі, Дулат Ағаділдің тұңғышы 17 жастағы Жанболат.

– Біреу атып кетті дейді, біреу пышақтаған дейді. Адамдар сол жаққа (Нұр-Сұлтан қаласына - ред.) кетті ғой, – деді Гүлбаршын Жармұхамбетова өксігін баса алмай.

Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті Жанболат Ағаділдің қазасы туралы мәлімдеме жасады. 

"10 қарашада сағат 22.56-да 102 номеріне Нұр-Сұлтан қаласы Көктал ықшамауданы Болашақ көшесінің бойында жаппай төбелестің болғаны туралы хабар түсті. Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері жас жігіттер арасында жанжал болып, арты төбелеске ұласқанын анықтаған. Салдарынан екі адам дене жарақатын алған. Оның бірі 17 жастағы Ж.Ағаділ аяғынан жараланып, жедел жәрдем көлігі келгенге дейін сол жерде қайтыс болды.

Аталған дерек бойынша Қазақстан қылмыстық кодексінің 99-бап 2-бөлімі және 293-бап 3-бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Қазіргі уақытта жанжал қатысушыларын анықтау мақсатында тергеу жүргізіліп жатыр. Ұсталғандар тергелуде. Тергеу нәтижесі бойынша әр адамның әрекетіне құқықтық бағалау беріледі. Тергеу жалғасуда" делінген полиция департаменті таратқан хабарламада.

Оқи отырыңыз: Жанболат Ағаділдің досы: Жақсы жігіт еді

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Дулат Ағаділ

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір