10 Қараша, 2020 Барлық аймақтар
Фото: Коммерсант
Армения премьер-министрі Никол Пашинян Таулы Қарабах туралы келісім неге бұрын жарияланбағанын мәлімдеді, деп хабарлады Sputnik Армения агенттігі.
– Әскер "тоқтау керек" деді. Себебі бізде сұрақтар бар, бірақ оларды шешу жоқ немесе ресурс таусылды. Әскери ресурс барлық жағынан тиімсіз болды. Майдан кезінде алдыңғы қатарда болғандарды алмастыратындар болмады. Алдыңғы шепте жүргендердің демалуға мүмкіндігі болуы керек еді. Бірақ оларды алмастыратын ешкім табылмады. Нәтижесінде Армения Республикасы мен Арцах Республикасының басшылығы соғысты мүмкіндігінше тезірек тоқтату туралы шешім қабылдады, әйтпесе оның салдары әлдеқайда ауыр болады, – деді премьер-министр Никол Пашинян facebook-тегі тікелей эфирде.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір