• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 08:21:42
+12°

020 жылдың 14 қарашасында сағат 14:00 де Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейі АО «BANK RBK»-мен қолдауымен, Қазақ халқының ұлы ақыны, ағартушы-философы, композиторы, көркем сөздің шебері Абай Құнанбайұлының туғанына 175-жыл толуына орай мерейтойлық көрмесін ұйымдастырады. Сондай-ақ, «Абай – халық даналығы. Абай бейнесі – Қазақстан суретшілерінің көзімен» атты көрме каталогын ұсынады.

Абай (Ибрагим) Құнанбайұлы жаңа ұлттық жазба және қазақ әдебиетінің негізін қалады. Ойшыл ретінде ақсүйектер ұрпағынан шықса да, қарапайым елдің тағдыры мен қажеттілігінен бас тартпады. Керісінше, халқының жоғын жоқтап, ауыртпалығына бірге қайғыра білді, халық өмірін өте жақсы түсіне алды.

Көрмеге музей қорынан 70-тен астам Абай бейнесі мен шығармашылығына арналған әр кезеңдегі суретшілердің кескіндемелік, графикалық, мүсіндік шығармалары қойылған. Бұл туындыларда өткен жүзжылдықтағы және заманауи шеберлер Абай образын, оның ұлылығын бейнелейді. Кескіндемеде Ә. Қастеев, Б. Сәрсенбаев, Ә. Ысмайылов, Қ. Қожықов, А. Ғалымбаева, Л. Леонтьев сынды суретшілер өз көзқарастармен Абайды кейде отырғызып, қолына кітап ұстатып, кейде шабыт үстіндегі кейіпін бейнелеп, ойшылдың ұлылығын шынайы түрде жеткізеді. Абайдың портретін жасаған – алғашқы суретшілердің бірі Ә. Қастеев болды. Ол 1945 жылы акварелдік техникада «Жас Абайдың портретін» бейнелейді. Мұнда жас ізденуші ақынның көңіл күйін береді. 1971 жығы «Жайлаудағы Абай» шығармасында қазақ ауылының маңында отырған егде жастағы кезі суреттеледі.

А. Ғалымбаева 1960-1967 жылдары «Абай әндері» фильміне «Айтыс», «Ажар мен Айдар», «Билер соты» т.б. топтамалық нобайлар жазады. Н. Нұрмұхаммедовтың 1971 жылғы «Абай портретінде» жазушының монументалды денесі шығарма шегіне сыймай тұрғандай. Ол осы арқылы Абайдың рухани мықтылығы мен күшін жеткізгісі келді. Т.Тоғысбаев өзінің «Ойшыл Абайын» (1971) жердің жартылай шарына орналастыруда, ақынның тұлғасын біздің планетамыздың үлкендігімен теңестіреді. Өйткені суретші үшін Абай тұлғасы ғаламдық деңгейде орын алады.

Графикада М. Әуезовтың «Абай жолы» романына Е. Сидоркин екі рет тоқталып, 1960 жылы «Абай мен әжесі», «Тоғжан», «Аналар», «Құнанбай», «Байге», т.б. парақтарын линогравюра және 1970 жылы автолитографияда кітапқа топтамалы иллюстрациялар жасайды. И. Исабаев 1970-ші жылдары автолитография техникасында «Қаламқас», «Ескендір», сондай-ақ, жыл мезгілдеріне арналған өлендерінің желісі бойынша иллюстрацияларын көркем суреттейді.

Қ. Каметов Абай өлеңдеріндегі 1986 жылы «Алтыбақан», «Көш», «Барымта» атты литографияларында қуанышты лирикалық өлеңдерді еркін түсінеді. Графикші өлең жолдарын өздігінше елестетіп, өткен тарихтың бұлыңғыр естелілігі іспетті жазады. Мүсіншілер Е. Сергебаев, В. Рахманов және т.б. Абай образын ақын-философ ретінде сомдайды. Сонымен қатар көрмеге армян мүсіншісі Е. Годжабашянның музей қорына сыйға тартылған Абай бюсті қойылған. Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейі қорынан алынған бұл шығармаларда тек Абайдың өмір жолы қарастырылмай, ХІХ ғасырда өткен халықтың ұлттық мінезін, тағдыр-тәлкегін, тұрмыс-тіршілігін, кеңдігі мен сұлулығын, жалпы көшпелі және отырықшы дала елінің түгелдей көрінісін баяндайды.

Мырзабекова С.К.
Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінің Қазақстан бейнелеу өнер бөлімі, графика секторының жетекшісі

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір