• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 22:53:47
Алматы
+12°

Кеңес төрағасы, Мәжіліс депутаты Қанат Мусин коронавирус пандемиясы бүкіл әлемде экономикалық құлдырауға алып келді деп атап өтті.

«Елімізде карантинге байланысты экономикаға және нақты сектордағы кәсіпорындардың, соның ішінде ең алдымен шағын және орта бизнестің қызметіне теріс әсер етті. Мемлекеттік қолдаудың бірінші кезектегі бағыты - заңнамалық базаны жақсарту», - деді Қанат Мусин.

Кеңес мүшелерінің пікірінше, шағын және орта бизнес саласындағы тұрақтылық аса маңызды, өйткені шағын және орта бизнеспен айналысатындардың саны халықтың 31,7%-тін құрайды. Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Рустам Жүрсіновтың айтуынша, енгізілген карантиндік шаралардың салдарынан 40 мыңнан астам бизнес субъектісі зардап шеккен.

«Қазіргі уақытта кәсіпкерлер жұмыс істеуге мүмкіндік беруді сұрап отыр. Пандемияның екінші толқыны жүріп жатыр, бірақ шектеу шараларына мұқият болу керек», - деді бизнес-омбудсмен.

Отырысқа қатысушылар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бизнесті реттеудің оңтайлы тәсілдерін әзірлеу жөніндегі тапсырмаларының орындалуына тоқталды. Естеріңізге сала кетейік, Президент Қазақстан халқына Жолдауында реттеуді «басынан бастап» енгізуді, яғни кәсіпкерлерге қойылатын талаптарды қайта қарауды ұсынған болатын.

«Қазіргі уақытта мемлекет тарапынан  қойылып отырған 30 мыңға жуық талап бар, олардың көпшілігі ескірген, басқалары қайталануда. Осыған байланысты кәсіпкерлердің мемлекеттік органдарға деген сенімсіздігі артып келеді», - деді Кеңес мүшесі, Мәжіліс депутаты Василий Олейник.

Қалыптасқан жағдайға түсіндіре бере келе, ұлттық экономика бірінші вице-министрі Әсет Ерғалиев кеңес мүшелеріне келесі жылдың қыркүйегінде парламенттің төменгі палатасына тиісті заң жобасы берілетінін айтты.

«Құжатта 3 кодекске, 8 заңға, мемлекеттік органдардың 66 бұйрығына бизнеске кедергі келтіретін және азаматтардың денсаулығы мен қоршаған ортаны қорғауға бағытталмаған қайшылықты, ескірген талаптарды жоюға бағытталған өзгерістер енгізуді көздейді. Бұдан басқа, бизнес есептілігін толық автоматтандыруды енгізу және есептілік базаларын қайта қалпына келтіру жоспарлануда», - деді Әсет Ирғалиев.

Тағы бір маңызды мәселе микроқаржы ұйымдарының қызметі. Атап айтқанда, Құқықтық кеңес төрағасы банктік займ қол жетімсіздігіне байланысты банктер микроқаржы ұйымына жүгінуге мәжбүр екенін атап өтті.

«Қазір автобус аялдамаларында шағын несие алып, бірден ақша алуды ұсынады. Бірақ бұл ақшаның құны қандай? Кейбір жағдайларда пайыздық мөлшерлеме 700%-ке жетеді! Бұл микроқаржы ұйымдары азаматтардың қаржылық сауатсыздығын пайдаланып, оларды қарызға батыруда. Сонымен қатар алаяқтық жағдайлары да жиі кездеседі. Адамның ЖСН-ін, телефон нөмірін білу арқылы микрокредитті кез-келген адамға іліп қоюға болады. Өтініш білдірушінің жеке басын және кімге несие берілетінін ешкім тексермейді», - деп атап өтті Қанат Мусин.

Өз кезегінде Ұлттық экономика бірінші вице-министрі экономикалық өсімді қалпына келтіру мәселелері жөніндегі заң жобасында шешімдер ұсынылғанын мәлімдеді. Басты жаңалық – екінші деңгейдегі банктерге қойылатын талаптар микроқаржы ұйымдарына да қолданылатын болады. Бұдан басқа, пайыздық мөлшерлемелерге және алаяқтықты болдырмауға шектеулер болады.

Құқықтық кеңес отырысын қорытындылай келе, Қанат Мусин тиісті мемлекеттік органдарға шағын және орта кәсіпкерлікті одан әрі заңнамалық қолдауды жетілдіру бойынша нақты ұсыныстар жіберілетінін атап өтті.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір