• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Қараша, 06:00:35
Алматы
+12°

Польшада 16 жастағы Қазақстан азаматы оқ жарақатынан қайтыс болды. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Ведомствоның мәліметінше, оқиға қарашаның 2-сі күні Польшаның Ополе Любельское қаласында болған. Қайтыс болған азамат 2004 жылы дүниеге келгені анықталды. 

"2004 жылы туған Қазақстан азаматы оқ жарақаты салдарынан қаза тапты. Тергеу амалдары жүргізілуде. Қазіргі таңда Елшілік ҚР азаматының туыстарымен байланыс орнатып, оның денесін елге қайтару жұмыстарын атқарып жатыр" делінген хабарламада.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Польша Қазақстан

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір