02 Қараша, 2020 NEWS
Фото: 24.kz
Қарағанды облысының Бұқар Жырау, Қарқаралы, Осакаров аудандарының сыртқы шекараларында кіріп/шығуды бақылау үшін санитарлық бекеттер қойылады. Бұл туралы облыстың бас мемлекеттік санитар дәрігері Юрий Залыгин мәлімдеді.
"Бұқар Жырау, Қарқаралы, Осакаров аудандарының әкімдеріне 2020 жылдың 4-ші қарашасында сағат 00:00-ден бастап Қарағанды облысының сыртқы шекараларына кіру/шығуды бақылау үшін санитариялық бекеттер орнатылады" делінген бас санитардың қаулысында.
Қаулығы сәйкес төмендегідей талаптер енгізіледі.
- санитариялық бекеттеді ШҚО және Павлодар облыстарынан келетін жүргізушілер мен жолаушылады тексеру үшін пункттермен және қажетті медициналық жабдықпен жабдықтау;
- карантиндік аймақтарға/аймақтан келетін және кететін адамдарға байланыссыз термометрия жүргізу;
- карантиндік режимді қамтамасыз етуге тартылған барлық қызметкердің шектеу іс-шараларын жүргізу кезіндегі олардың жеке қорғаныш құралдарын, жеке гигенаны сақтау, көліктерді блок-бекеттерде дезинфекциялау;
- санитарлық бекеттерде жұмыс істеу үшін медицина қызметкерлерін бекіту.
Оқи отырыңыз: Жаңа қаулы. Қазақстанның бірнеше облысында карантин күшейтіледі
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір