30 Қазан, 2020 Барлық аймақтар
Видеодан скриншот
Алматы қаласы полиция департаменті Kaspi банк бөлімшесіне басып кіріп, қомақты соманы қолды қылды делінген бірнеше азаматтың ұсталғанын хабарлады. Бұл туралы Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Ккриминалдық полициясының хабарлауынша, қылмысты жасады деген күдікпен 1985, 1986 және 1992 жылы туған үш ер адам ұсталған.
"С. және У. есімді азаматтарды Алматы қалалық криминалдық полицияның жедел уәкілдері ұстады. Үшінші күдіктіні Орал қаласында Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің қызметкерлері ұстаған. Күдіктілерден заттай дәйектер ретінде ұрланған қаражат тәркіленіп, қылмыстық кодекстің 192-бабы 3-бөлімі (қарақшылық) бойынша Алмалы аудандық полиция басқармасына қылмыстық іс материалдарына тіркелді. Күдіктілер қолданған аңшы мылтығы солардың біріне тиесілі екені анықталды. Ұсталғандар қамауда" делінген хабарламады.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір