23 Қазан, 2020 Барлық аймақтар
Фото: Аграрлық несие корпорациясының баспасөз қызметі
«Аграрлық несие корпорациясы» «ҚазАгро» ҰБХ еншілік компаниясы Елорданың дамуына айтарлық өз үлесін қосып келеді. Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойы аясында компания қызметкерлері 22 қазан күні Иманбаев көшесінің бойына ағаш отырғызып, қала тұрғындарына қаланың әкімшілік орталықтарының бірінен жаңа аллея сыйлады.
Айта кетейік, 2020 жылы елімізде қазақтың ұлы ойшылы әрі рухани қайраткері Абайдың 175 жылдық мерейтойы мемлекеттік деңгейде атап өтілетін болды. Республика бойынша ақынның мерейтойына арналған көлемді ондаған іс-шаралар өтіп жатыр.
"Біз де бұл мерейтойдан тыс қалған жоқпыз. Бірнеше іс-шаралар өткіздік. Солардың бірі – бүгінгі таңда Нұр-Сұлтан қаласында ағаш отырғызу шарасы. Біз ұлы Абайдың туғанына 175 жыл толуына орай елімізге, қаламызға және оның тұрғындарына нақты пайда әкелетін іс-әрекеттер жасауымыз керек деп санаймыз. "Абай жолы" атауын алған жаңа аллея Елорда келбетін көркейтетініне сенімдіміз", – дейді корпорацияның басқарушы директоры Қанат Жанчурин.
Абай мерейтойын атап өтуді АНК бірнеше кезеңге бөлді. Мәселен, оның бірінші кезеңінде әлеуметтік желілерде ақын шығармаларын оқу бойынша акция өткізсе, екінші кезеңінде корпорацияның әр өңірдегі филиалдарының қызметкерлері креативті бейнеқұттықтаулар түсірді.
«Шығыс Қазақстандағы АНК филиалы ұлы Абайдың туған жері, ШҚО-дағы Жидебай шатқалына барып қайтты. Филиал қызметкерлері өздерінің бейнероликтерінде осы орындардың рухани маңызы мен жаңартылған "Абай-Шәкәрім" мемориалдық кешенінің бүгінгі көрінісін көрсете алды», – дейді корпорацияның басқарушы директоры Қанат Жанчурин.
«Бұл іс-шараның мақсаты – азаматтарды ұлы ақынның өмірімен, шығармашылығымен таныстыру; жастардың бойындағы туған жерге деген сүйіспеншілікті ояту, санасына "ел мұрасын сақтаушы ұрпақтың" керек екенін ұғындыру», – дейді компанияның баспасөз хатшысы Майраш Имантаева.
Аграрлық несие корпорациясы ақынның мерейтойына ат салысуды ары қарай да жалғастыра бермек. АНК қызметкерлері Абайдың 175 жылдығын атап өтуді тек атаулы акциялармен ғана емес, Қазақстан Республикасының дамуы үшін күнделікті адал іс қылу арқылы көрсету қажет деп санайды.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір