• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 06:20:51
Алматы
+12°

Қазақстандық дизайнер Сәбит Сырахан қайтыс болды. Бұл туралы рэп орындаушы Бекболат Қайдаров (Hiro) instagram парақшасында жазды.

"Бұл (логотип – ред.)  – Нұрсұлтан көзі! Енді бізбен @b1sen Сабит жоқ, бірақ оның логотипі барлық жерде бар! Футболкаларда, жапсырмаларда, кештерде, көшелерден бұл символды кездестірмедім деп айтпаңыз! Біз көшені оның есімімен атаймыз! Біз ескерткіш орнатамыз!" делінген жазбада.

Рэпердің сөзінше, дизайнер кісі қолынан қаза тапқан.

"Бисен енді бізбен бірге емес! Менің досымды тепкілеген! Адам емес! Сау жері қалмаған! Аяқ киімінен таныдық" делінген Бекболат Қайдаровтың жазбасында.

Сәбит Сырахан (Bisen) – streetwear брендінің дизайнері. Бренд киімдерін хип-хоп мәдениетінің көптеген өкілдерінің киіп жүргенін жиі көруге болады.

Оқи отырыңыз: "Дауласып, төбелескен". Полиция департаменті қазақстандық дизайнердің өліміне пікір білдірді

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір