18 Қазан, 2020 NEWS
Фото: Видеодан скриншот
Арменияның қарулы күштері Әзербайжанның оккупацияланған аймақтарынан қашып бара жатқан видеосы желіде тарады, деп хабарлады Trend сайты.
Бейнежазбаны әлеуметтік желілерде шекараның арғы жағындағы жағдайды бақылаған ирандықтар жариялады.
Кадрларда Армения қарулы күштерінің сарбаздары Әзербайжанның басып алынған ауылдан қалай қашып кеткенін, содан кейін Әзербайжан қарулы күштерінің сол жерге келгенін көруге болады.
Таулы Қарабах – Әзірбайжан мен Армения арасындағы 30 жылға созылған даулы территория. Мұндағы ұрыс қимылдары 27 қыркүйекте басталды. Қақтығыстың өршіп кеткені үшін тараптар бір-бірін айыптады.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір