• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Қараша, 15:03:28
Алматы
+12°

Солтүстік Қазақстан облысында коронавирус жұқтырғандар санының өсуіне байланысты карантин шаралары күшейтілді. Бұл туралы облыстың ресми сайты хабарлады.

"2020 жылғы 16 қазанда 00 сағат 00 минуттен бастап кәсіпкерлік және (немесе) өзге де қызмет пен халықтың өмірі үшін ерекше жағдайлармен шектеу карантиндік шараларды күшейтсін", делінген хабарламада.

Қаулыға сәйкес Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындары:

  • Көршілердің, таныстардың, туыстардың, әріптестердің сапарларын шектелсін;
  • Тұратын жері бойынша отбасылық іс-шараларды өткізуге тыйым салу белгіленсін;
  • Қоғамдық орындарда 3 адамнан (отбасы мүшелерін қоспағанда) кемінде 2 метр қашықтықтағы топтардың болуы шектелсін;
  • Жерлеу рәсімдері кезінде кемінде 2 метр қашықтықты сақтай отырып, 30-дан астам адамның (негізінен отбасы мүшелерінің) жиналуына жол
    берілмесін;
  • Респираторлық инфекцияның алғашқы белгілері пайда болған кезде (құрғақ жөтел, қызба, тыныс алудың қиындауы, ентігу және т. б.) жедел медициналық көмекті 103 нөмірі бойынша шақыру арқылы медициналық ұйымдарға бармай-ақ, үйде дереу медициналық көмекке жүгіну қажет;
  • Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 26 маусымдағы № 43-АӘКД қаулысының 4-қосымшасына сәйкес "Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекциямен аурулардың алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы" жеке қорғану құралдарын пайдалану және кәдеге жарату алгоритмін сақтауға, оның ішінде:

А) Қоғамдық орындарда, халықтың келуіне, қызмет көрсетуіне және демалуына арналған үй-жайларда, қоғамдық көлікте, медициналық немесе мата бетперделерін кию, бес жасқа дейінгі балаларды, сондай-ақ әлеуметтік қашықтықты сақтау кезінде қоғамдық тамақтану орындарында тамақ ішу жағдайларын қоспағанда, міндетті болып табылады;

Б) Қоғамдық орындарда ашық ауада медициналық немесе мата бетперделерін кию, бес жасқа дейінгі балаларды және әлеуметтік қашықтықты сақтау кезінде 5 адамнан аспайтын жеке, топтық спортпен шұғылданатын адамдарды қоспағанда, міндетті болып табылады.

Қаулының толық нұсқасы мына сілтемеде көрсетілген

 
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір