• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 03:00:59
Алматы
+12°

Президент Қ.Тоқаев Қырғызстандағы  жағдайдың құқықтық алаңға орала бастағаны қуантқаны туралы мәлімдеді. 

"Президент С.Жээнбеков – мемлекеттің легитимді басшысы. Сондықтан оның қақтығыстарды тоқтатып, елдегі ахуалды қалыпқа келтіруге бағытталған әрекеттерін қолдаймын. Қазақстан үшін Қырғызстандағы тұрақтылық стратегиялық серіктес әрі одақтас ретінде маңызды. Бауырлас Қырғыз еліндегі жағдайдың біртіндеп конституциялық жолға қайтқаны қуантады. Біз барлық саяси күштерді қақтығыстардың алғашқы сәтінен ақ сабырға шақырдық" делінген Тоқаевтың twitter-дегі жазбасында.

Қырғызстанда парламент сайлауы нәтижесімен келіспеген наразы топ митингісі қақтығысқа ұласып, елде тәртіпсіздік орнаған. Елдегі бизнес-қауымдастық ұлттық альянсы Қырғызстандағы саяси тұрақсыздықтың салдарынан 104 миллион доллар шығын келгенін хабарлады.

Қазір елде жағдай тұрақтала бастады.

Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков жаппай тәртіпсіздіктерден туындаған зорлық-зомбылыққа және адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төнуіне байланысты Бішкек аумағында 2020 жылғы 12 қазаннан бастап 19 қазанға дейін төтенше жағдай режимін енгізу туралы жарлыққа қол қойды.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір