• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Қыркүйек, 17:34:26
Алматы
+35°

"Елде Ковид-19-дан қайтыс болған адамдардың саны 150 мыңнан асты" деп хабарлады Бразилия денсаулық сақтау министрлігі.

Бразилия коронавирустың өлім-жітім саны бойынша әлемде АҚШ-тан кейінгі екінші орында, ал сырқаттар саны бойынша АҚШ пен Үндістаннан кейінгі үшінші орында.

Елде вирус жұқтырғандар саны осы аптаның басында бес миллион адамнан асты.

Оңтүстік Америкада қайтыс болғандар саны бойынша Бразилия ең көп ел, ал Сан-Паулу штаты ең ауыр зардап шеккен аймақ.

Бразилия денсаулық сақтау министрлігінің мәліметтері бойынша, наурыз айында бірінші өлім тіркелгеннен бері Бразилияда 150198 адам Ковидтен қайтыс болған. 5 082 637 адамнан вирус анықталған.

Аймақта Бразилиядан кейінгі вирустан қатты зардап шеккен ел Колумбияда 27 495 адам қайтыс болып, 894 300 оқиға расталды.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Бразилия

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір