11 Қазан, 2020 NEWS
Фото: Fergana.news
Қырғызстанның экс-президенті Алмазбек Атамбаев ұсталды, деп хабарлады ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің баспасөз қызметі.
Саясаткер Бішкектегі жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастыру фактісі бойынша қылмыстық іс аясында ұсталды. Онымен бірге оның жақтастары – бұрынғы күзетшілері Дамир Мұсакеев пен Қанат Сағынбаев ұсталды. ҰҚК олардың сыбайластарын ұстау бойынша жұмыс жүргізіліп жатқанын түсіндірді.
Оқи отырыңыз: АТАМБАЕВҚА КІМ ОҚ АТҚАНЫ БЕЛГІЛІ БОЛДЫ
6 қазан түнде Бішкектегі оқиғалар кезінде Атамбаев ҰҚКҰ тергеу изоляторынан босатылған еді.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір