• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 06:57:05
Алматы
+12°

Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков Бішкекке қарулы қақтығыстардың жолын кесу үшін әскери құрылымдар мен техниканы кіргізуді тапсырды.

Президент 9 қазан мен 21 қазан аралығында Қырғызстанның астанасы Бішкек қаласында төтенше жағдай жарияла жайлы жарлыққа қол қойды.

"Қырғызстан ҚК бас штабы Бішкек аумағына блокпосттарды ұйымдастыру, қарулы қақтығыстардың жолын кесу, құқық пен бейбіт тұрғындарды қорғауды қамтамасыз ету үшін әскери құралымдар мен әскери техника енгізсін" делінген Жарлық тармақтарының бірінде.

Қазір Бішкекте бірнеше митинг өтіп жатыр. Ескі алаңға Садыр Жапаровтың жақтастары жиналды, оның кандидатурасын жақында ЖК-нің бір топ депутаттары премьер-министр лауазымына ұсынды. Ала-Тоо алаңына үкімет басшысы Омурбек Бабановты ұсынған бірнеше партияның өкілдері келді. Сол жерде Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаев пен оның жақтастары бар.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір