06 Қазан, 2020 Әлеумет
Фото: видеодан алынған
Алматыда бес баласы бар қайыршы ақша беруден бас тартқаны үшін жүргізушіге шабуыл жасады. Бұл оқыс оқиғаның бейнежазбасы әлеуметтік желілерде тарады.
Жариялаған жазбада оқиға "Алтын Орда" базарының жанында болғаны айтылады.
"Бес баласы бар қайыршы ақшасын бермегені үшін көліктің артқы терезесін сындырды. Содан кейін ол бізге таяқпен шабуылдап, тас лақтырды", – деп жазды автор.
Полиция қайыршыны екі сағат жүріп ұстай алмаған. Жазба авторының сөзінше, қайыпшы анасының беті көгертіп, қолын тістеп алған.
Алматы облысының полициясы қайыршы әйелге қатысты 6 хаттама толтырылғанын мәлімдеді.
– Еш жерде жұмыс істемейтін, "Алтын орда" маңында қайыр сұрап қана күнелтетін 37 жастағы келіншекке қатысты 6 хаттама толтырылды: "Денсаулыққа зиян келтіру", "Ұсақ бұзақылық", "Қоқыс тастау", "Қоғамдық орында қол жүгірту", – делінген полиция департаментінің берген ресми жауабында.
Қазір оқиға бойынша әкімшілік іс қозғалып, сот-медициналық сараптама тағайындады.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір