04 Қазан, 2020 NEWS
Суретті түсірген Ж.Құспанов
Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин ұстаздарды кәсіби мерекесімен құттықтады.
Нұрлан Нығматулин өзінің Twitter-дегі жеке парақшасында жариялаған құттықтауында:
«Ұстаздарды кәсіби мерекемен құттықтаймын! Осындай қиын кезеңде де сіздер ұрпаққа білім беріп, ел болашағы үшін аянбай еңбек етіп келесіздер. Сіздерге алғысымыз шексіз. Баршаңызға зор денсаулық, ырыс-құт, береке тілеймін!» - деді.
Сонымен қатар, Палата Спикері Парламентте «Педагог мәртебесі туралы» арнайы заңның қабылданғанын, ол заң мұғалімдердің мәртебесін көтеріп, әлеуметтік жағдайын арттыруға ықпал еткенін атап өтті.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір