29 Қыркүйек, 2020 Спорт
Фото: gazeta.ru
Филиппин боксері, әлемнің экс-чемпионы Мэнни Пакьяо UFC-дің екі салмақ дәрежесі бойынша экс-чемпионы Конор Макгрегормен жекпе-жек өткізуге келісім берді, деп хабарлады zakon.kz.
Bloodyelbow сайтының дерегінше, жекпе-жектің болатыны анық. Басылымға бұл туралы Пакьяоның көмекшісі Джейк Джонсон мәлімдеген.
Мэнни Пакьяо кездесуден алатын қаражаттың басым көпшілігін коронавирустан зардап шеккен Филиппин азаматтарына көмектесуге бағыттамақ.
Жекпе-жек 2021 жылға жоспарланып отыр. Кездесу бокс ережелері бойынша өтеді.
Бұған дейін Макгрегор твиттерде өзінің келесі кездесуі Пакьяомен Таяу шығыста болатынын жазған.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір