• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

21 Қараша, 21:21:23
Алматы
+12°

Фото: Рудный қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Қостанай облысы Рудный қаласының әкімі Бақытжан Гаязов қызметінен босатылды. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Бақытжан Гаязовтың жұмыстан өз еркімен кету туралы арызына Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов қол қойған.

Бақытжан Гаязов Рудныйды 9 жыл басқарған.

Шілдеде Рудный қаласы әкімі аппаратының жетекшісі Қашар кентінің әкімі бюджет қаржысын жымқырды деп сотты болғаннан кейін отставкаға кеткен.

Ал жуырда әлеуметтік желіде Кирилл Божко есімді Рудный қаласы тұрғынының ұлтараздықты қоздыратын сөздер айтқан видеолары тараған. Көп ұзамай Божко даулы мәлімдемені мас жағдайда айтқанын, әрекеті үшін өкінетінін жеткізіп кешірім сұраған.

Алайда қоғам белсенділері Божконы ұлтараздықты қоздырғаны үшін заң шеңберінде жазаға тартуды талап етті. Рудный тұрғынына қандай жаза қолданылатыны әзірге белгісіз.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір