• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Қараша, 03:15:25
Алматы
+12°

Алматы әскери-тарихи музейінің жетекшісі, белгілі қазақ композиторы Бақытжан Байқадамовтың қызы Алуа Байқадамова барлық алматылықтар мен мегаполис қонақтарын қала күнімен құттықтады.

«Мен алматылықпын. Біздің даңқты қаламыздың орталығында дүниеге келдім. Мен барша алматылықтарды осы мерекемен құттықтаймын. Бұл мереке бізге керек. Біз, алматылықтар, бұл қаланы жүрегімізбен, жанымызбен жақсы көріп, өзгерістерді байқап отырамыз. Мұны әлеуметтік желілердегі топтардан байқауға болады. Әрбір алматылық қаланың дамуына өз үлесін қосуы керек. Кез келген алматылық тәртіп бұзушылықты байқаса, тез арада көрсетіп, түзетуге атсалысады. Бұл дегеніміз – адамдардың немқұрайлы емес, өз қаласын жақсы көреді деген сөз. Аталмыш мерекені өткізу өте маңызды, қаламыз туралы әңгімелеп беруге әрдайым қуаныштымыз», — деді Алуа Байқадамова.

Сондай-ақ, ол тек алматылықтар ғана емес, басқа елдерден келген қонақтар да Алматы туралы жылы лебіздерін білдіретіндігін айтты.

«Мен қаламды жақсы көремін. Қаламның әр мезгілін жақсы көремін. Қазір күз басталды. Биылғы жылы біз оны бұрын болған мерекелік концерттермен атап өте алмайтынымыз өкінішті. Барлық алматылықтар мен қонақтарға, қаламызды жақсы көретіндерге – бар жақсылықты, амандықты, денсаулықты, шаттықты, сәттілік тілеймін. Тек біз ғана емес, бүкіл әлем пандемияны жеңсін деген тілегім бар», — деді Алуа Байқадамова.

Айта кету керек, биыл коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу мақсатында «қала күнін» мерекелеу аясындағы барлық іс-шаралар онлайн форматта өтуде.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір