29 Қыркүйек, 2020 Барлық аймақтар
Фото: видеодан скриншот
Нұр-Сұлтан қаласында көлікті мас күйінде жүргізген жүргізушінің видеосы әлеуметтік желіде таралып жатыр. Қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі жүргізушінің ұсталғанын хабарлады.
Департамент баспасөз қызметінің хабарлауынша, мас жүргізуші тәртіп бұзғаны үшін 20 тәулікке қамалды.
28 қыркүйек күні сағат 16:00-де "102" номеріне Момышұлы-Жұмабаев көшесімен келе жатқан "Toyota Highlander" көлігінің жол ережесін бұзғаны туралы бірнеше хабарлама келіп түскен.
"Нұр-сұлтан қаласы полиция департаментінің патрульдік полиция полкінің қызметкерлері 24 жастағы жүргізушіні Абылай хан көшесінде мас күйінде ұстады. Тексеру барысында жас жігіттің жүргізуші куәлігі жоқ екені анықталды.
Қазақстанның әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608-бабының 6-бөлігі бойынша және 599-бабының 1-бөлігі бойынша бірнеше әкімшілік іс жүргізу қозғалды. Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының қаулысы бойынша жүргізуші 20 тәулікке қамау түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Көлік коммуналдық тұраққа қойылды" делінген хабарламада.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір