• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 19:31:11
Алматы
+12°


Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифинг барысында «Бақытты отбасы» қалалық орталығының басшысы Зүлфия Байсақова мен Наурызбай аудандық «Бақытты отбасы» орталығының басшысы Сана Жандай алматылықтарды Отбасы күнімен құттықтады.

«Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында отбасы және бала институтын қолдауға, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға жүйелі көмек көрсетуге ерекше назар аударды. Барлық қазақстандықты отбасы күнімен құттықтауға рұқсат етіңіздер. Отбасы-қоғам өмірінің және дамуының негізі. Жыл сайын қыркүйектің екінші жексенбісінде Қазақстанда отбасылық құндылықтарды дәріптеу, мәдениетті, дәстүр мен руханилықты сақтау, өскелең ұрпақты тәрбиелеу, сондай-ақ әлеуметтік сипаттағы проблемаларды еңсеру үшін Отбасы күні атап өтіледі», — деді З. Байсақова.

Наурызбай аудандық «Бақытты отбасы» орталығының басшысы Сана Жандай алматылықтарды құттықтап, тілектерін білдірді.

«Барлығы қазақстандықтарды отбасы күнімен құттықтаймыз! Әлемнің ешбір кереметі туып-өскен қара шаңырақты алмастыра алмайды! Әр үйде жылылық, жайлылық және қуанышты күндер көп болуын тілейміз. Әр бала бақытты болуға, молшылық пен әл - ауқатта өсуге лайықты», — деді ол.

Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылдың мамыр айынан бастап Алматы қаласында көп балалы және аз қамтылған отбасыларға арналған әлеуметтік орталық жұмыс істейді. Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың бастамасымен «Бақытты отбасы аудандық орталықтары ашылды. Орталықтардың қызметі көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың өмір сүру сапасын арттыруға, өмірлік қиын жағдайдан шығу үшін отбасылардың экономикалық жағдайы нығайтуға бағытталған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір