• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

21 Қыркүйек, 01:36:57
Алматы
+35°

Бүгін Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің кеңейтілген отырысы өтіп, оның барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: Іс- қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауы талқыланды.

Онлайн форматта өткен кеңеске 80-нен астам адам қатысты, олардың арасында мәслихат депутаттары, ардагерлер, волонтерлар, медицина және бизнес-қоғамдастықтың, үкіметтік емес ұйымдар мен БАҚ өкілдері болды.

Кеңеске қатысушылар білім және ғылым жүйесін дамыту, отбасылық-демографиялық ахуалды жақсарту, ШОБ-ты қолдау, қоршаған ортаны жақсарту, тұрғын үй саясатын жүзеге асыру және т.б.бағыттар мен алда тұрған міндеттерді жан-жақты талқылады.

Кеңес барысында Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің төрағасы Рахман Алшанов кеңейтілген отырыстың басты міндеті бүкіл әлемдік пандемияны ескере отырып, еліміздің жаңа өмір жағдайына арналған Жолдауды талқылау екенін атап өтті.

«Кеше Президент 2020-2021 жылдар аралығында біз назар аударатын осал нүктелерді атады, басым бағыттарды белгіледі. Бүгін Алматы қаласы аумағында Жолдаудың міндеттерін нақтылы жүзеге асыру үшін оны жан-жақты талқылауды және пәрменді шаралар әзірлеуді ұсынамын», — деді Р. Алшанов және кеңеске қатысушыларды белсенділік танытуға шақырды.

Алматы қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ахан Бижанов алғашқылардың бірі болып сөз алды.

«Отандық ғылымының өкілі ретінде мен ғылымға қатысты бірқатар мәселелерді көтергім келеді. Жолдауда жас ғалымдардың рөліне үлкен көңіл бөлінген. „Жас Ғалым“ жобасы аясында әлемдегі жетекші ғылыми орталықтарда ғалымдар үшін жыл сайын 500 тағылымдама және жас ғалымдарға 1000 грант бөлу жөніндегі тапсырма қолдау көрсетудегі нақты қадам болып табылады. Мемлекет басшысы көтерген ең өзекті мәселе – процестерден біртіндеп нәтижелерге көшу, ол мұны өзінің Жолдауында атап өтті», — деді Философия, саясаттану және дінтану институтының директоры Ахан Бижанов.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір