• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Қараша, 06:02:01
Алматы
+12°

Нұр-Сұлтанда есінен танған адамды тонап кетті. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады. 

57 жастағы ер адамның айтуынша, ол Қарасай батыр көшесінен теміржол вокзалына қарай жүріп, гараждардың жанында кенеттен есінен танып қалған. Не себепті талып қалғанын азамат есіне түсіре алмады.

Біраз уақыттан кейін жәбірленуші есін жиып, қасында бейтаныс екі ер адам отырғанын және оның қалталарын тексеріп жатқанын көреді. "Не істеп жатсыңдар?" деп сұрағанында екі адам екі жақтап ұра бастаған. Олар қалтасындағы 30 мың теңге мен ұсақ-түйек заттарды алып кеткен.

Полиция қызметкерлері жедел іздестіру барысында күдіктілерді іздеп, 26 және 36 жастағы қала тұрғындарын ұстады. Олар қазір уақытша ұстау изоляторына орналастырылды. Ұсталғандардың бұрын сотталғаны және қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны анықталды. Айғақты заттар мен қаражат тәркіленіп, иесіне қайтарылды. 

Аталған дерек бойынша қылмыстық кодекстің 191-бабы (қарақшылық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Ұсталған адамдардың астана аумағында бұрын жасалған осындай қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталуда.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Бұзақылық

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір