28 Қыркүйек, 2020 NEWS
Фото: Видеодан скрин
Әзербайжан әскери бөлімшелері Армения қарулы күштерінің жауынгерлік техникасын жоюды жалғастырып жатыр, деп хабарлады Trend сайты Әзірбайжан қорғаныс министрлігіне сілтеме жасай отырып.
Әзірбайжан қорғаныс министрлігінің мәліметінше, қарулы күштердің Геранбой майдан бағытындағы әскери операциясы нәтижесінде Муров тау сілемінің Муровдаг шыңындағы армян шегінген.
Талыш ауылы бағытындағы шайқастар барысында армян әскерінің шамамен 550-ден астам адамы қаза тапқан және біразы жарақат алған.
Trend сайты хабарлаған ақпаратқа сәйкес, операция болған күннің соңында алынған барлау мәліметтері бойынша Арменияның 22 танкісі мен басқа бронды техникасы, 15 "ОСА" зениттік-зымыран кешені, 18 ұшқышсыз ұшу аппараты (ҰҰА), 8 артиллериялық қондырғысы, 3 оқ-дәрі қоймасы әртүрлі бағытта жойылған.
Сонымен қатар, Арменияның десанттық-шабуыл батальон командирі подполковник Лерник Бабаян қайтыс болды. Ол басқарған әскери бөлімнің жеке құрамы көп шығынға ұшыраған.
Басылым 27 қыркүйекте сағат 06:00 шамасында Армения қарулы күштері ауқымды арандатуларды жүзеге асыра отырып, Әзірбайжан армиясының позициясына ірі калибрлі қарулардан, минометтерден және әртүрлі калибрлі артиллериялық қондырғылардан фронтқа жақын аймақта орналасқан елді мекендерге қарқынды оқ жаудырғаны хабарлаған.
Ал армян тарапы әскери қимылдарды Әзербайжан жағы бастады деп отыр.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір