24 Қыркүйек, 2020 NEWS
Фото: qamshy.kz
Мамыр айында дүниеден өткен белгілі журналист Бейсен Құранбектің әкесі Абай Құранбеков қайтыс болды. Бұл туралы baq.kz хабарлады.
Порталдың жазуынша, қайғылы хабарды тележүргізушінің дос-жарандары, әріптестері хабарлап жатыр. Қаралы хабарды марқұмның жақындары растаған.
Абай Құранбековтың неден қайтыс болғаны туралы әзірге нақты ақпарат жарияланған жоқ.
Биыл мамыр айында тележүргізуші Бейсен Құранбек өмірден озған. Марқұмның қырқы болатын күні анасы да қайтыс болған еді.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір