• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

21 Қараша, 19:25:37
Алматы
+12°

Алматы облысы Ұйғыр ауданы Шонжы ауылында салынып жатқан дене шынықтыру және сауықтыру кешені құлады, деп хабарлады nege.kz.

Порталдың хабарлауынша, құрылысқа жалпы құны 1 млрд 171 млн теңге бөлінген. Нысанның құрылыс жұмысы 2019 жылы басталып, 2020 жылдың соңына дейін аяқталуға тиіс болған. 

Ұйғыр ауданының әкімі Шухрат Нұрахунов ғимараттың неге құлағанына нақты жауап бере алмады.

– Ертең мамандар келеді, экспертиза жасайды. Түсте бір темірі түсіп қалыпты. Оның өзінде толық түспеген, бір жерінің шатыры ғана түсіп кеткен. Қазір анау-мынау деп айта алмаймыз, – деді ол.

Құрылыс басқармасының басшысы Дәурен Жолжанов ешқандай ақпарат бере алмайтынын жеткізді. Оның айтуынша, нысанды салып жатқан "Лидер НК" құрылыс компаниясы, басшысы – Марат Қуанышбаев.

♦ Оқи отырыңыз: Әкімің кім? Ұйғыр ауданы халқын не мазалайды? (видео)

Шонжы ауылында салынып жатқан спорт кешені

Шонжы ауылында салынып жатқан спорт кешені

Шонжы ауылында салынып жатқан спорт кешені

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір