• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 05:56:46
Алматы
+12°

Фото: индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің сайты

Жыл басынан бері Қазақстанда 45 мың автомобиль шығарылып, олардың 5 мыңға жуығы Ресей, Беларусь және Өзбекстанға экспортқа жіберілген. Бұл туралы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі хабарлады.

Министрлік таратқан ақпараттық хабарламаға сай, тамыз айында отандық автодилерлер жалпы сомасы 94,4 млрд теңгеге 8 639 жеңіл автокөлік пен коммерциялық техниканы, сондай-ақ 1 112 жүк көлігі мен автобус сатқан. Бұл өткен жылдың тамызымен салыстырғанда 49,8 пайызға артық.

"Барлық сатылымдардың 67%-дан астамын бес түрлі марка құрайды. Бұл айда жеңіл автомобильдердің ішінде Hyundai маркалы көліктер ең көп сатылып, 1697-ге жетті. Аталған көрсеткіш биылғы шілде айымен салыстырғанда 37,1% көп. Екінші орында 1642 көрсеткішпен Lada автокөлігі тұр. Нарыққа наурызда оралған Chevrolet автокөліктерінің тамызда 1279-ы сатылып, 258% өсім көрсетті. Төртінші орында 1173 данасы сатылған Toyota автокөлігі. Өсім +38% құрады.

B сыныпты қолжетімді локализацияланған үлгілеріне сұраныс бұрынғысынша артып келеді.

Тамызда осы сегменттің бір бөлігін алатын Қостанайда құрастырылған Ravon автомобильдерінің 817 данасы сатылды. Алтыншы орында тұрған Kia көліктерінің 587-сі өткен айда сатылды. JAC дилерлері 408 автомобиль сатты. (+148,8%). Тамыз айында сегізінші орынға Volkswagen автомобильдері жайғасты. 281 данасы сатылып, +24,3% өсім көрсетті. Алғашқы ондықты түйіндейтін Nissan және Renault маркалары тиісінше 247 және 215 бірлікті құрап, 22,3% және 18,1% артқан.

Жеңіл модельдер бойынша тамызда 730 бірлігі сатылған Ravon Nexia R3 седан көш бастап тұр.  Екінші орынға алғаш рет Chevrolet Cobalt шықты – 675 седан. Тамыздың үздік үштігін 608 автомобиль нәтижесімен Lada Vesta түйіндеді. Төртінші орында – Hyundai Accent (553 бірлік). Бұдан әрі тізім бойынша: Toyota Camry (486 бірлік), Lada Granta (460 бірлік), Hyundai Tucson (422 бірлік), Kia Rio (343 бірлік), Hyundai Creta (330 бірлік), Lada 4x4 (299 бірлік)" делінген ақпараттық хабарламады.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: отандық автоөндіріс

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір