• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 08:48:47
Алматы
+12°

Польша Республикасы Үкіметінің өкімімен Қазақстан 16 қыркүйектен бастап Варшава бұдан бұрын тікелей әуе қатынасына тыйым салған елдер тізімінен шығарылды. Бұл туралы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі хабарлады.

Қазақстанның осы тізімнен шығарылуы COVID-19 таралуына байланысты еліміздегі санитариялық-эпидемиологиялық жағдайдың жақсарғанын айғақтайды.

Сонымен бірге, АҚШ, Аргентина, Босния және Герцеговина, Бразилия, Израиль, Ирак, Испания, Катар, Кувейт, Молдова, Перу, Франция, Черногория және т. б. сияқты елдерді қоса алғанда, 30 мемлекет тікелей тұрақты әуе қатынасына тыйым салатын елдердің поляк тізімінде қалады. Мемлекеттердің аталмыш тізімін Польша үкіметі әр екі апта сайын шетелдегі эпидемиологиялық жағдай мониторингінің нәтижелеріне байланысты өзектендіреді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір