• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 21:55:48
Алматы
+12°
Бірқатар қылмыстар үшін қарастырылған жазаны қатаңдату ауыр қылмыстар көрсеткішінің 73%-ға өсуіне әсер етті. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында Бас прокурордың орынбасары Марат Ахметжанов мәлімдеді. Сонымен қатар, оның ақпараты бойынша, қазір сотқа жіберілетін мұндай істердің саны 1,5 есеге (11,2 мыңнан 16,8 мыңға дейін) көбейді. Нәтижесінде, қылмыстық істерді қарау нәтижелері бойынша қылмыстық элементтердің көбі нақты және лайықты жазасын алуда.

Бас прокуратураның өкілі мал ұрлығы үшін жазаны қатаңдатуға жеке тоқталды. Марат Ахметжановтың айтуынша, бұл мәселе Мемлекет басшысының жеке бақылауында.

«Халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайы үшін малдың зор маңызын, сондай-ақ ұйымдасқан қылмыс құрамындағы мал ұрлығының бұрын жиілеп кеткен фактілерін ескере отырып, Қылмыстық кодекске «мал ұрлау» (188-1) жеке бабы енгізілді. Бұл өз нәтижесін берді. Бүгінгі таңда мал ұрлығы 24%-ға (2868-ден 2174-ке дейін) төмендеді», - деді М.Ахметжанов.

Бас прокурордың орынбасары атап өткендей, жазаның ауырлығы мен татуласуға тыйым салу мал ұрлауға айтарлықтай тосқауыл болды

«Үстіміздегі жылдың мамыр айында Түркістан облысында мал ұрлығымен айналысқан қылмыстық топ ұсталды. Олар 200-ге жуық ірі қара малын ұрлап, ауыл тұрғындарына миллиондаған шығын келтірді. 1 қыркүйекте сот мал ұрлығы туралы жаңа бап бойынша бес адамды 8 жылға бас бостандығынан айырды», - деп мысал келтірді Бас прокуратураның өкілі.
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір