02 Қыркүйек, 2020 NEWS
qamshy.kz
«Ақ жол» Демократиялық партиясы дағдарыстан кейінгі ел дамуының мәселелеріне арналған Президент Жолдауының негізгі қағидаларын талқылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат саяси ұйымның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жолдауды талқылауға партия төрағасы Азат Перуашев, Орталық кеңес президумының мүшелері, Мәжіліс депутаттары, «Ақ жол» партиясының белсенділері қатысты. Іс-шара өңірлердегі партия филиалдарымен бейнеконференция режимінде өтті.
Азат Перуашев партия мүшелеріне Жолдаудың негізгі бағыттары мен Мемлекет басшысының үкімет пен мемлекеттік органдардың алдына қойған тапсырмалары туралы хабарлады.
«Мемлекет басшысының Жолдауы маңызды бөлімдерден тұрады және белгіленген бағыттардың әрқайсысы нақты тапсырма түрінде берілді. Жолдау реформалық сипатта құрылған» - деді Азат Перуашев.
«Акжолдықтар» бизнесті қолдау жөніндегі көптеген тапсырмаларды, зардап шеккен шағын және орта бизнес секторларының барлық несиелері бойынша пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялау, агроөнеркәсіптік кешенді қолдау, бизнес ахуалды жақсарту және тағы басқа мәселелерді атап өтті. Сонымен бірге, талқылау барысында мемлекеттік басқару саласындағы Президент тапсырмаларына, Стратегиялық жоспарлау агенттігін, Реформалар жөніндегі Жоғары Президенттік кеңесті, Бәсекелестікті қорғау және дамыту жөніндегі агенттігін құруға, мемлекеттік қызметкерлердің штатын қысқарту, жауапты хатшылар институтын таратуға қолдау білдірді.
«Бизнес партиясының өкілдері ретінде елдің жаңа экономикалық бағытының басты қағидаларының бірі болып жеке кәсіпкерліктің жетекші рөлінің аталғанын естіп қуанып қалдық», – деп атап өтті партияның Қарағанды облыстық филиалының өкілдері.
Депутат Берік Дүйсембинов Жолдауда қойылған мәселелер көп жағдайда «Ақ жол» партиясы көтеріп келе жатқан жайтттармен үндес екенін айтып және партияның сайлауалды жұмысын жалғастыруға шақырды. Сондай-ақ, Мәжіліс депутаты 2018 жылы «Ақ жол» партиясының фракциясы билік өкілдерінің қос азаматтығы үшін қылмыстық жауапкершілікті енгізуді туралы ұсынысы бүгін Президент тапсырмаларының ішінде айтылғанын да еске салды.
Фракция депутаттары олар бұрын көтерген өзге де мәселелер Президент Жолдауында орын алғанын, мысалы, 2017 жылдан бері шенеуніктердің штатын қысқарту, әкімдер сайлауы туралы тапсырмалар партияның бағдарламалық міндеттерінің бірі екенін еске салды.
Талқылауға қатысушылар Президент Жолдауын қолдап, «Ақ жол» ҚДП парламенттік фракциясына Жолдауды іске асыру үшін тапсырмаларды белгіледі.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір