01 Қыркүйек, 2020 NEWS
Фото: Ашық дереккөз
Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмониядан 2 адам қайтыс болған. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.
Өткен тәулікте коронавирус инфекциясы белгілері бар пневмонияның 10 жағдайы тіркеліп, 2 адам қайтыс болған.
1 тамыздан бастап барлығы 25 724 адам ауырып, оның ішінде 292 адам көз жұмды. Ал 5 591 адам жазылып шыққан.
Министрліктің хабарлауынша, қазіргі уақытта коронавирус инфекциясынан 7 379 адам ем қабылдап жатыр. Олардың арасында 30 бала бар. Стационарларда 3 811 науқас жатыр. 3 568 адам амбулаториялық жағдайда емделіп жатыр.
Жалпы 197 науқастың халі нашар. Соның ішінде 35 науқастың жағдайы аса қатты ауыр. 42 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір