• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

13 Қараша, 05:58:35
Алматы
+12°

Мәжіліс Төрағасы  Нұрлан Нығматулин қазақстандықтарды мемлекеттің айтулы мерекесі   Конституция күнімен құттықтады.

Мәжіліс Төрағасы өзінің Twitter-дегі жеке парақшасында жариялаған құттықтауында:

«Сіздерді еліміздің мәртебелі мерекесі – Конституция күнімен құттықтаймын! Осыдан 25 жыл бұрын Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев іргесін қалаған Ата заңымыз тәуелсіздігімізді нығайтып, халықтың бірлігі мен ынтымағын арттырды!» - дедіhttps://twitter.com/NigmatulinKZ/status/1299908381931601922.

Сонымен қатар, Мәжіліс Төрағасы өз құттықтауында Елбасы                    Н.Ә. Назарбаевтың Конституцияда белгіленген қағидаттарының арқасында Қазақстан бүгінде заманның сын-қатерлеріне жауап беріп, Мемлекет Басшысы Қ.К. Тоқаев ұсынған «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына сәйкес дамып келе жатқанына тоқталды.

Сондай-ақ, Нұрлан Нығматулин 1995 жылы қабылданған Конституцияның арқасында кәсіби Парламент құрылғанын айтып, Конституцияда бекітілген қоғамдық келісім, саяси тұрақтылық және патриотизм - ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мен қазақстандықтардың әл-ауқатын арттырудың кепіліне  айналғанына назар аударды.

Мәжіліс Төрағасы Тәуелсіздіктің тұғырына айналған Ата заң әрбір қазақстандық үшін қымбат екенін алға тарта келіп, барша халқымызға  амандық, елімізге құт-береке тіледі.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір