• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 05:10:17
Алматы
+12°

Актер, режиссер, педагог, Қазақстанның халық артисі – Тұңғышбай Жаманқұлов Qamshy.kz порталының ұжымына арнайы сұхбат берді. Толық нұсқасы QAMSHY.TV youtube арнасында жарияланды. Төменде сұхбаттың бір бөлігін оқырманға ұсынамыз. 

– 70 жас мерейтойыңызға орай "Қуыршақтар" қойылымын сахналаған едіңіздер. Ол спектакль көрерменге қайта ұсыныла ма?

–  Менің жолым – ауыр, тұзым – сор. 70 жас мерейтойым тойланбай қалды...Мемлекеттік деңгейді, өнер әлемінде үлкен той болған жоқ. Оған өкінбеймен де. Той көрмей жүргенім жоқ. Биыл 1-желтоқсанда сахнаға шыққаныма тура 50 жыл толады. Ол да үлкен белес. Сол 70 жылдығымда өнерде, театрда, министрлікте "өзгеше" адамдар жүрді ғой. Солардың дүмпуінен, шеттетуінен сахнадан ажырап, сосын менен кейін басшы болғандардың маған деген көзқарастарының салқындықтары одан сайын көбейіп, менің жасаған тірлігіме қарсы болғандар болды. Сөйтіп мен де 10-15 жылдай рөлсіз жүрдім. Ауыр болды...  70-ке келгенде драматург Қ.Мұраттың 4-5 жыл бұрын жазылған пьесасын тауып алдым және ол пьеса  дәл сол кездегі жағдайына дәл келді.  Содан министрліктен, театрдың басшыларынан қорқып жүріп, Таразда дайындалып, бірнеше рет премьера ойнадық. Содан кейін осы театрдың (М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры – авт.)  кіші залында ойнайық деп  сол кездегі директор Асхат Маемировке қолқа салғанда, қолқамызды қабылдамай, кіргіздірмей қойды. Кіші залда да ойнаттырмай қойды. Содан Алматыдағы Қуыршақ театрында екі күн көрсеттік. Бірақ болашақта осы қойылыммен еліміздегі қалаларды аралап, қойсақ деймін. 

– Сіз туралы биографиялық кітап жазылса, аты қандай болар еді?

– Мен өзім жаздым ғой биографиялық кітапты.  "Наз" деп аталады... Оның ішіне менің үстімнен себепсіз жазылған арыздарды қостырдым, оған қол қойған менің бауырларымның аттарын әдейі жаздым. Егер ақылы болса, ұялсын. Ақылы болмаса, "өзіне сол керек" деп ойласын. Мұның бәрі өкпе де, өш алу да емес, наз айту.  Саналыға наз айту. Ал мен туралы біреу кітап жазады деп ойламаймын. Қандай заман боларын кім біледі? Бәлкім із-түзсіз ұмытыларсыз...

"Қуыршақтар" қашан сахналанады? Актердің өкініші не? Неден қорқады? Кітабына "достарының" қолы қойылған арызын түгел қосып, аты-жөндерін берген Т.Жаманқұловтың бұл әрекеті өш алу ма? Өкпе ме? Осы және өзге де сұрақтардың жауабын сұхбаттың QAMSHY.TV youtube арнасындағы толық нұсқасынан көре аласыздар.  

 

 

 

Гүлім Жарасқызы

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір