• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 03:37:00
Алматы
+12°

2021 жылғы 1 қаңтардан бастап микрокредит беруді қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің лицензиясын алған ұйым ғана жүргізе алады. Бұл туралы аталған агенттік басқарма төрағасының орынбасары Нұрлан Әбдірахманов PrimeMinister.kz-ке берген сұхбатында айтты.

Н. Әбдірахмановтың айтуынша, 2019 жылға дейін қазақстандықтар шағын несиелеу қызметтерін белсенді пайдаланған. Осыған байланысты осы секторда белгілі бір проблемалар жинақталды.

– Адамдар көбінесе мұндай ұйымдардың жоғары пайыздық мөлшерлемелер орнатуынан, өсімпұлдар мен айыппұлдар салуынан зардап шекті. Сондай-ақ өткен жылы біз алаяқтықтың жекелеген фактілерін байқадық. Осыған байланысты 2019 жылы осы жылдың басынан бастап шағын несиелеу компанияларын реттеуді, сондай-ақ олардың биылғы 1 шілдеге дейін агенттікте міндетті есептік тіркеуден өтуін енгізген заң қабылданды, – деді ол.

Алайда пандемия карантиніне байланысты көптеген шағын несиелеу компанияларының қызметі шектелді, уақытша тоқтатылды, есептік тіркеуден барлығы өте алмады, сондықтан есептік тіркеу мерзімі 1 қыркүйекке дейін ұзартылды.

Қазіргі кездегі жағдай бойынша 1 104-ке жуық шағын несиелеу компаниясы, оның ішінде 562 ломбард, 380 шағын қаржыландыру компаниясы және 182-ге жуық кредиттік серіктестік тіркеуден өткен.  

Сонымен қатар келесі жылдан бастап міндетті лицензиялау енгізіледі. Яғни, қазір – есептік тіркеу, ал келесі жылдан бастап барлық шағын несиелеу компанияларын міндетті түрде лицензиялау болады. Агенттік тиісті түзетулер әзірледі. Олар келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап микрокредиттер беруді агенттіктің лицензиясын алған ұйым ғана жүргізе алады деп қарастырады.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: микроқаржыұйымы

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір