• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 04:54:35
Алматы
+12°

Демократиялық партия құру бойынша бастамашыл топ жетекшісі, қоғам белсендісі Жанболат Мамай экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жиені Айсұлтан Назарбаевтың өліміне күмәнмен қарайтынын жеткізді.

"Соңғы бір жылдың ішінде Айсұлтанға қатысты дау-дамай толастаған емес. Әртүрлі мәселелер көтерілді, көптеген шындықтың бетін ашты. Өзінің отбасының ішіндегі, жалпы елдегі мәселелерге, олигархқа байланысты шындықтың бетін ашты.

Енді менің өз басым 30-ға әлі келмеген, орда бұзатын, тепсе темір үзетін жігіттің аяқ астынан осылай кетіп қалғанына күманданамын. Өзі кетіп қалғанына! Енді әртүрлі жағдайда айтуға болады, бұл жерде болжам жасау өте қиын. Өйткені ол Қазақстанда емес Лондонда қайтыс болған. Бірақ өз басым күмәнді нәрселер көп деп санаймын. Бірақ бұл жерде бір нәрсені айтқым келеді. Мына Назарбаевтардың отбасы тек қана өздерінің отбасының ғана емес, ең өкініштісі, бүкіл Қазақстанның ойранын шығарды деп айтуға болады. Бүкіл Қазақстанды ойрандады!" деп айтылған белсендінің әлеуметтік желідегі видеоүндеуінде.

♦ "Мені өлтіруге тырысуы мүмкін". Айсұлтан өмірі үшін қауіптенген

Оның бұл жазбасына оқырмандардың пікірі екіге бөлінді. Бірі  "Өте дұрыс айтады. Шындық" деп қолдау білдірсе, кейбір оқырмандар "Жоқ, Жанболат мырза, осы жолы сізбен келіспеймін. Ажал айтып келмейді" деп қарсы пікір білдірген.

Бүгін Қазақстан экс-президентінің жиені Айсұлтан Рахаттың қайтыс болғаны хабарланды.

Тағы оқыңыз!
 
 

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір