Фото: turkystan.kz
Алматы қалалық мәслихатының депутаты, "Алматы ақшамы" газетінің бас редакторы Қали Сәрсенбай Сенат депутаттарының сайлауына ұсынылған Медеу ауданының әкімі Сұлтанбек Мәкежановтың лайықты адам екенін айтты.
– Ол кісі қаланың экономикасының дамуына үлкен еңбек сіңірді. Ұзақ жылдық тәжірибесі бар маман ретінде даусымды осы кісіге бердім. Менің ойымша тәжірибесі мол, білім-білігі, парасат-пайымы жеткілікті адамдар жоғары заң шығарушы органдарға қажет. Сондықтан мен Сұлтанбек Мәкежановтың кандидатурасын толықтай қолдадым, – деді Қали Сәрсенбай.
Ол өз сөзінде Сұлтанбек Мәкежановты Медеу ауданының әкімі қызметіне екі рет тағайындалғанын атап өтті.
– Қателеспесем, ол кісі екі рет Медеу ауданына әкім болып тағайындалған. Егер де оның тәжірибесі, іскерлігі болмаса екінші рет әкімдікке сайланбайтын еді. Қызметте өзін-өзі көрсетіп қана қоймай, қала әкімінің орынбасары болған кезде де биіктен көрініп, абыройлы істер атқара білді. Қала тұрғындарының ықыласына бөленген адам екені баршасына мәлім. Сол үшін де бұл кісінің кандидатурасын сенат депутаттарының сайлауына лайық деп есептеймін, – деп сөзін түйіндеді.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір