• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 02:46:15
Алматы
+12°

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдасын іске асыру мақсатында ШҚО әкімінің орынбасарлары апта сайын тұрғындарға онлайн қабылдау өткізеді. Әрбір жұма күні видеоконференция режимінде сауал қойып, актуальды тақырыптар туралы түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.

Өткен аптада ШҚО әкімінің әлеуметтік мәселелер бойынша орынбасары Әлішер Мархабат онлайн қабылдау өткізді. Оған өңірдің бірнеше тұрғыны қатысты. Қабылдау облыстық басқарма басшыларының, сондай-ақ Өскемен қаласы мен Абай ауданы әкімдіктерінің қатысуымен ZOOM режимінде жүргізілді.

«Отандастар» дүниежүзілік қазақ Ассоциациясының» облыстық филиалының жетекшісі К.Әскерхан қандастардың мәселесін айтып, квото қарастыруды өтінді. Облыс әкімі орынбасарының қабылдауына көпбалаы ана, Абай ауданының тұрғыны үлкен ұлын мамандығы бойынша информатика пәнінің мұғалімі етіп және туысқанының қызын мамандығы бойынша Қарауылдағы мектепке тарих пәнінің мұғалім етіп  жұмысқа орналастыруды сұрады. Бұдан бөлек, көпбалалы ана биыл мектеп бітірген  ұлының облыс әкімінің грантына түсуі үшін қандай талаптарды орындауы қажет екені жөнінде сауал қойып, жауабын алды.

Өскемен қаласының тұрғыны Р.Смағұлов университеттегі оқу оқысын төлеуге көмек көрсетуді өтінді. Сондай-ақ ол өзін Абай Құнанбаевтың мерейтойына орай ұйымдастырылатын шараға қатысу үшін волонтер ретінде тіркеуді сұрады.

Нұр-Сұлтан қаласынан Р.Маушанов онлайн қабылдауға қатысып, облыс әкімдігімен бірлесіп Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгер-туысқандарын іздеу мәселесіне қол ұшын беруді өтінді.

Қабылдау барысында Әлішер Мархабат әрбір тұрғынның сауалына жауап берді. Жеке мәселелер бойынша қойылған сұрақтарды шешуге қосымша уақыт бөлініп, облыстық басқармалардың басшыларына тиісті тапсырмаларды жүктеді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір