• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

21 Қараша, 21:31:13
Алматы
+12°

Сәтбаев қаласында бұзақылық жасағаны үшін 15 адам ұсталды. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.

Порталдың хабарлауынша, 24 шілдеге қараған түні Сәтбаев қаласында бір топ азамат бес жасар қызды зорлады деген күдікпен ұсталған адамды өз бетінше жазалауға ұмтылған. Тас-таяқпен қаруланған жастар полиция ғимаратына кірмек болған. Полицейлер бұл бұзақылықтың алдын алды.

Алайда бұзақылық жасаған адамдар жолындағының бәрін қиратқан. Қақпаны, ауладағы отырғыштарды, қаза тапқан полиция қызметкерлеріне арналған ескерткішті, полиция ғимаратының аумағындағы шамдарды, терезелердің әйнектерін сындырған. Сыртқы бейнебақылау камералары мен қызмет автокөлігі де бүлінген.

Келтірілген залалдарды бағаланып жатыр. Қазақстан қылмыстық кодексінің үш бабы ("Бұзақылық", "Бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру", "Құқық қорғау органы қызметкерінің өміріне қол сұғушылық") бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Қазіргі уақытта бұзақылық әрекеттерді ұйымдастырушылар мен белсенді қатысушылар анықталып, ұсталды. Уақытша ұстау изоляторына 15 адам қамалды. Барлық тергеу әрекеттері қолданыстағы заңнама аясында жүргізіліп жатыр.

Ішкі істер органдары ұсталғандарға қатысты азаптау және құқыққа қарсы әрекет жасау туралы әлеуметтік желілерде таратылып жатқан хабарламалардың жалған екенін айтты. Мұндай негізсіз хабарламалардың авторларына қатысты қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертті. Сәтбаев қаласындағы бұл оқиғада полиция қызметкерлері атыс қаруын қолданбаған.

Бұзақыларға қатысты тергеу әлі жалғасып жатыр. Кінәлілер қолданыстағы заңнамаға сәйкес жазаға тартылады.




"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір