• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 02:21:03
Алматы
+12°

Apple компаниясының смартфондары мен планшеттеріндегі процессордың осал жері анықталды. Бұл туралы Digitpol киберқауіпсіздік агенттігі қытайлық Pangu дамыту тобына сілтеме жасап хабарлады, деп жазады РИА Новости.

Мұндағы мәселе құпия ақпаратты, соның ішінде құпия сөздер мен биометриялық деректерді сақтауға жауапты SEP (Secure Enclave Protection) процессорымен байланысты болып отыр.

Құралдағы ақпаратты алу үшін Checkm8 эксплойты пайдаланылады. Ол автоматты түрде бұғаттау режимінен айналып өтіп, гаджеттегі құпия ақпаратты ашатын кодты табады. Сарапшылар хакер құралдағы ақпаратты алу үшін смартфонды қолына түсірсе жеткілікті екенін айтады.

Мамандар Apple компаниясының смартфондары мен планшеттеріндегі дефектті бағдарламалық қамтамасыз ету деңгейінде жою мүмкін емес екенін айтады.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: iPhone Құпия ақпарат

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір