• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Қараша, 14:49:39
Алматы
+12°
 

Бүгін үкіметтің кезекті отырысында елдегі эпидемиологиялық жағдай және коронавирус инфекциясына қарсы күрес шаралары қаралды.

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой карантиндік шектеу шаралары енгізілгеннен бастап 3 апта ішінде КВИ-ға шалдығудың 35 951 жаңа жағдайы тіркелгенін мәлімдеді. Індеттің таралуы 29%-ға төмендеген.

– COVID-19-бен ауыру жағдайы орта есеппен тәулігіне 1600 адам деңгейінде тұрақтанды. Сондай-ақ кереуеттердің бос болмауы 43%-ға, оның ішінде 27%-ға төмендеуі байқалады. Сауығып кеткендердің саны 63%-ға дейін өсті. Осылайша, денсаулық сақтау жүйесіне жүктеменің негізгі көрсеткіштерінің төмендеуіне қол жеткізілді, –  деді А. Цой. 

 

Оның сөзінше, карантин нәтижесінде инфекцияның репродуктивтік көрсеткіші 1,2%-дан 0,99%-ға дейін, төсек-орындардың қамтылу пайызы 90%-дан 47%-ға дейін төмендеген.

Эпидемиологиялық ахуалдың жақсарып келе жатқанына байланысты карантин шаралары кезең-кезеңмен алынады.

Десе де әлі қеңселердіе қызметкерлердің 80 пайызы қашықтан жұмыс істеуі керек, оқушылар мен студенттер қашықтықтан оқиды.

Бұқаралық іс-шаралардың барлық түрлеріне тыйым салу.

Сондай-ақ 3 тамыздан бастап төсек-орындардың қамтылу көрсеткіші 70%-дан аз және өлім-жітім деңгейі төмендеген кезде күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді, маска тағу және әлеуметтік ара қашықтықты сақтай отырып кейбір нысандардың жұмысына рұхсат етіледі.

  • Уақыты мен күндер бойынша шектеулермен сауда-ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері, сауда желілері, жабық азық-түлік, азық-түліктік емес базарлар;

  • Балаларға арналған түзету кабинеттері, білім беру орталықтары, балаларды дамыту орталықтары, топтарда 5 адамнан аспайтын үйірмелер;

  • Кезекші топтар режиміндегі мектепке дейінгі балалар мекемелері;

  • сұлулық салондары, шаштараздар, косметикалық және косметологиялық қызмет көрсететін орталықтар мен салондар, алдын ала жазылу бойынша маникюр және педикюр салондары;

  • Қашықтықтан жұмыс істеу формасы мемлекеттік органдардың (ұйымдардың) қызметкерлері мен кеңсе қызметкерлерінің кемінде 80%-ы үшін сақталуы тиіс.

Денсаулық сақтау министрі әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, ашық ауада жеке және топтық жаттығулар жасауға рұқсат етілетінін атап өтті.

Сондай-ақ ұлттық құрамалар үшін 30 адамнан аспайтын құраммен спорттық жаттығулар жасауға болады.

Халықтың жүріп-тұруына қатысты мынадай талаптар сақталады:

  • Көшелерде жүру, саябақтарға, скверлерге және жағалауларға бару 3 адамнан аспауға тиіс;

  • Қоғамдық көлікте маска тағу міндетті, санитарлық-дезинфекциялық режим сақталып, кондукторлар болуы керек. Уақыт бойынша шектеулерді сақтай отырып және жолаушыларды 50%-дан асырмай жұмыс істеуіне рұқсат.

Сонымен қатар төмендегі қызмет түрлеріне шектеу сақталады:

  • көпшіліктің қатысуымен өтетін іс-шаралардың барлық түрлеріне, ойын-сауық мекемелерінің, кинотеатрлардың, фудкорттардың, банкет залдарының жұмысына;

  • мейрамханалар, барлар, түнгі және ойын клубтарының жұмысына;

  • мәдениет нысандарының, музейлердің жұмысына, конференциялар, көрмелер, форумдар өткізуге;

  • спорт залдарының, фитнес-орталықтардың, бассейндердің, аквапарк жағажайларының жұмысына;

  • діни нысандар жұмысына;

  • қала маңындағы жолаушылар пойыздарының  қозғалысына, қалааралық автобустардың қозғалысына

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Карантин ДСМ

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір