27 Шілде, 2020 NEWS
Ашық дереккөз
Сайрамда полицейлер карантин кезінде той өткізіп жатқан тұрғындарды анықтап, жиынды тоқтатты деп хабарлады Polisia.kz.
Сайрам аудандық полиция бөлімшесіне Манкент ауылында тұрғынның бірі 50-ден аса адам жинап, келін түсіріп той жасап жатқаны жайлы хабарлама келіп түсті. Полицейлер мекен-жайға жетіп, тойды тоқтатады.
Карантин талаптарын сақтамағаны үшін той иелеріне әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 425-бабына сәйкес “Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнама талаптарының, сондай-ақ гигиеналық нормативтердің бұзылуы” хаттама толтырылды.
Ауданда осыған ұқсас 2 жағдай тіркелген. Тұрғындардың бірі үйінде 20-дан астам адам жинап, келін түсірген. Екінші той иелері үйіне 15-тен аса адам шақырып, қыз ұзату тойын өткізген. Аудан көлемінде жұмыс жасап жатқан мобильдік топ карантин ережесін бұзған той-жиындарды шұғыл тоқтатқан.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір