22 Шілде, 2020 NEWS
Ашық дереккөз
Алматыдағы барлық перзентхана инфекцияны бақылаудың қатаң талаптарына сай келеді. Бұл туралы өңірлік коммуникация қызметінің алаңында өткен онлайн-брифинг барысында Алматы қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Камалжан Надыров мәлімдеді.
«Әсіресе пандемия кезінде барлық әйелге қауіпсіз босану, босануға дейінгі және босанғаннан кейінгі күтім қолжетімді болуы маңызды», — деді спикер.
Қаладағы барлық перзентханада коронавирус инфекциясы бар жүкті әйелдерді қабылдайтын бөлім бар екенін ерекше атап өтті. Сонымен қатар, №4 перзентханаға 60 төсек орны қосылады. Сондықтан, диагнозы расталған болса да, болашақ аналар алаңдамауы керек. Барлық перзентхана инфекцияны бақылаудың қатаң талаптарына сай келеді.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір