• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 05:42:43
Алматы
+12°

Ақмола облысында блокбекеттен полицейлердің қара джип көлігін өткізіп жібергені камераға түсіп қалған. Видео Intagram желісіндегі zhaloby.astana парақшасында жарияланды.

Видео авторының айтуынша, полиция қызметкерлері джип жүргізушісін телефон қоңырауынан кейін блокбекеттен өткізіп жіберген. Ал өзін блокбекеттен ары қарай жібермеген.

Ақмола облысы полиция департаменті әлеуметтік желіде шу тудырған осы видеодан кейін джип жүргізушісін анықтап, оның Бурабай курорт аймағына не себепті өткізілгенін түсіндірді.

"Ресми тексеру барысында аталған көліктің жүргізушісі триатлоннан Қазақстан құрамасының бас жаттықтырушысы Е.В.Соловьев екені анықталды. Ол Бурабай курорт аймағында бір апта бойы жаттығады, оқу-жаттығу өткізуге ресми рұқсаты бар. Жаттықтырушының жеке куәлігі болмаған. Сондықтан көлік жүргізушісі өзінің жаттықтырушы екенін және кіруге рұқсатын бар екенін растау үшін телефон соққан" делінген Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада. 

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 

Публикация от Астана | Казахстан |Жалобы (@zhaloby.astana)

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір