• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

21 Қараша, 21:15:39
Алматы
+12°

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Сәтпаевта "бес жасар қызды зорлады" деген күдікпен ер адамның қамауға алынғанын мәлімдеді.

– 23 шілдеде кешкі сағат 9-да Сәтбаев қаласындағы ішкі істер басқармасына 5 жасар қыздың жоғалғаны туралы арыз түсті. Жедел іздестіру нәтижесінде бүлдірші қаладағы бір үйден табылды. Жас қызды зорлады деген күдікпен бір адам қамауға алынды, – деді ол.

Министрдің айтуынша тұрғындар күдіктіні өздері жазалалауды талап еткен.

– Бірақ бірнеше адам күдіктіні өз қолдарына беруді талап етіп, жанжал шығарды. Олар бұзақылық жасап, полицейлерге қарсылық танытты. Тәртіпсіздікке жол бермеу үшін қосымша полиция күштері тартылды, жағдай бақылауға алынды. Бұл жағдай бойынша бірнеше баппен қылмыстық іс тіркелді, тергеу амалдары жалғасып жатыр. Елдегі қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін полицейлер бар күшін жұмсайды, – деді Ерлан Тұрғымбаев.

Ішкі істер министрі сөз соңында әлеуметтік желі арқылы тарап жатқан жалған ақпараттарға сенбеуге шақырды. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір