24 Шілде, 2020 Оқиғалар
Видеодан скриншот
Қарағанды облысы Сәтбаев қаласында 5 жасар қыз баланы ұрлаған күдікті ұсталды. Бұл туралы polisia.kz сайты хабаралады.
Сайт таратқан ақпаратқа қарағанда оқиға кеше болған.
"23 шілде күні сағат 21.00-де Сәтбаев қаласының полициясына Жезқазған тұрғыны өзінің 5 жасар қызы жоғалып кеткені туралы хабарлаған. Сәтбаев қалалық полиция бөлімінің барлық құрамы мен волонтерлер қатысқан іздеу шараларының нәтижесінде 5 жасар бала көпқабатты үйдегі пәтерлердің бірінен табылды. Бүлдіршін қазір ауруханада жатыр. Күдікті ұсталды. Бірақ бір топ адам күдіктіні өздеріне беруді талап етуде. Тәртіпсіздікке жол бермеу үшін құқық қорғау күштері жұмылдырылды. Қарағанды облысының полиция департаменті қоғамдық тәртіпті және қала тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шараларды қабылдап жатыр" делінген ресми хабарламада.
Қала тұрғындары күдіктіні өздеріне беруді сұрап, шу көтергені әлеуметтік желіде тараған видеоларда да байқалды.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір