• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 05:43:21
Алматы
+12°

Түркістан облысы Кентау қаласына қарасты Шорнақ ауылында болған жаппай төбелестен кейін төрт адам ұсталып, олардың екеуі қамауға алынды. Бұл туралы облыстық полиция департаменті хабарлады.

Кеше түнде болған төбелесті әлеуметтік желі қолданушылары "ұлтаралық қақтығыс" деп сипаттаған болатын, алайда полиция департаменті таратқан хабарламада "Шорнақ ауылында тұрмыстық жанжал болды" деп айтылды. 
 
"Түркістан облысы Кентау қаласына қарасты Шорнақ ауылында тұрмыстық жанжал болды. Осы оқиғаға байланысты жүргізілген іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері төрт азаматты ұстады. Олардың екеуі сот шешімімен қамауға алынды. Қазіргі уақытта болған оқиғаның толық мән-жайы анықталып, бұзақылық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр" делінген полиция департаменті таратқан хабарламада.  

 
 
Департамент таратқан хабарламаға қарғанда оқиға 21 шілде күні ауыл тұрғындары арасында болған жанжалдан кейін басталған. Жанжал соңы 22 шілде күні жаппай төбелеске ұласқан. Салдарына үш адам тастан жарақат алған. Олардың арасында учаскелік полиция инспекторы да бар. Полиция департаментінің дерегінше, 23 шілде күні Шорнақ ауылында "арандатушылар жиналып, жақын маңдағы ауыл тұрғындарын заңға қайшы әрекет жасауға" шақырған, бірақ  полиция қызметкерлері оған жол бермеген.   
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір